26желтоқсан 2021 жылы біздің мектепте Халықаралық ғаламторсыз күніне орай «Мен оффлайн» атты акциясы өткізілді. Аталған ісшараның мақсаты – педагогикалық үрдістің қатысушыларын, тым болмаса бір күнге компьютер мен әлемдік желіден алшақтату, осы күні адамдармен араласу немесе өзінің сүйікті ісімен айналысуға арнау болды. Осы күні оқу барысында сынып сағаттары өткізіліп, онда ғаламтор желісінің оң және теріс жақтары талқыланды. Уақытты қалай көңілді де қызықты өткізуге болатынын: қысқы спорт түрлерімен айналысуға, шахмат ойнауға, сүйікті кітаптарын оқу жайлы әңгімеледі. Мектеп оқушылары «Менің ғаламторсыз күнім» атты тақырыпта өте тамаша суреттер салды, сондай - ақ «Позитивиум» тақырыбында тренингтер, сергітулер өткізілді. Өткізілген ісшаралар біздің оқушылардың бос уақыттарын қызықты өткізуге септігін тигізеді жяне ұялы телефон мен ғаламторды қажет кезде ғана қолданады деген сенімдеміз.