2 ақпан күні мектебімізде «Өзің-өзі тану: Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы» онкүндігінің салтанатты ашылу рәсімі өтті. Екі апта бойы сабақтар, пікірталастар, «Ана, бейбітшілік және достық туралы» қолөнер сайысы, «Біздің достық сыныбымыз» фотоколлаждар конкурсы, «Бақыт мен үшін...». Сондай-ақ, С.А.Назарбаеваның өмірі мен қызметі , өзің-өзі тану пәнінің қоршаған әлемге ізгілікті қарауға, құрмет пен мейірімділікке тәрбиелейтін маңызы туралы көрме ұйымдастырылды. Онкүндік оң толқынмен өтті, әсіресе «Құпия дос» акциясы ерекше есте қалды, оған тек мектеп оқушылары ғана емес, педагогтар да қатысты. 12 ақпанда онкүндіктің жабылу жиыны өтіп, онда қорытынды жасалды, барлық конрурсқа қатысушыларға мадақтамалар табыс етілді. Мектептегі бұл жұмыс балалар мен мектеп ұжымын біріктіруге көмектеседі, көңіл-күйді көтереді, сөздер мен іс-әрекеттерінде мейірімділік танытуға деген ұмтылысты дамытады.