12 ақпанда біздің мектепте Ауғанстан жерінен кеңес одағының сарбаздарын шығарып алуға арналған «Ауғанстан -жанды естелік» атты естелік сағаты өткізілді. Оқушыларымен кездесуге интернационал- сарбаз С. Л. Борщев және Белгород ауыл аймағы әкімі Б. Н. Жанғожин келді. Тарих пәні мұғалімі В. В. Устюгова балаларға сол қасіретті жылдар жайлы, сарбаздар мен офицерлердің ерлігін, сондай- ақ соғыстың ауыр зардабы жайлы, біздің отандастарымыз бен ауылдастарымыз қатысқанын әңгімелеп берді.
Оқушылар ауған сарбазының әңгімесін ұйып тыңдады. Ол өзінің қалай отан алдындағы міндеті туралы, анасына өзінің үйге оралатыны жайлы жазған хаттарын еске алып, бөлісті. Ауыл аймағы әкімі оқушыларға болашақты әрқашан ойлау қажет екенін және өткенді ұмытпау керектігін тіледі.