Текст
Көктемгі демалыстың алдында «Белгород ауылының негізі орта мектебі» КММ оқушыларымен көктемгі демалыс кезінде қауіпсіздік ережелерді сақтау туралы әңгіме жүргізілді. Балалардың есіне жол жүру ережесін, көшедегі қауіпсіздік ережелерді, үйде және қоғамдық орындарда тәртіп сақтауды естеріне салдық. Әсіресе жұқа мұзға шығу қауіпті екенін, абай болуға, төтенше жағдай туындап қалса, дереу үлкендерді көмекке шақыруға, барлық ережелерді сақтау маңызды екені естеріне салынды.