Мектебімізде Қазақстан Республикасы күнін мерекелеу

23.10.2026

Бүгін мектебімізде Қазақстан Республикасының күніне арналған мерекелік іс-шара өтті. Бұл - еліміздің тарихындағы маңызды күн, елдігіміз бен бірлігімізді айшықтайтын мереке.
Іс-шара аясында 1-сынып оқушылары «Жас Қыран» ұйымына, ал 5-сынып оқушылары «Жас Ұлан» ұйымына қабылданды. Жаңа мүшелеріміз - оқу озаттары және мектеп өміріне белсене қатысатын оқушылар.
Баршаңызды Республика күнімен құттықтаймыз! Еліміз аман, жұртымыз тыныш, тәуелсіздігіміз тұғырлы болсын!

 

Просмотров: 1872


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу