Текст
6 қыркүйек күні біздің мектепте Қазақстан халықтарының тілдер мерекесін тойлау басталды.Тіл-халық берекесі,байлығы, ол ұлттардың бірлігі мен татулығының тұтастығын білдіреді.Тіл- адамдардың өзара қарым-қатынасын байланыстыратын тәрбие құралы мен тірегі.Тілдер күні- Қазақстан азаматтарының барлығын біріктіретін достық пен татулық, бауырмалдық белгісі, ал халықтар достығы елдің құрылуының негізгі кепілі.Онкүндік 6-16 қыркүйек аралығында өткізіледі.Осы уақыт аралығына жұмыс жоспары құрылды.Барлық ісшаралар тілді үйрену мен оны тәжірибеде қолдануға барынша күш сала отыра пайдалану мақсатында жасалған.