1 қыркүйек- Білім күні! Гүлер, кітапар, достар, күлкі мерекесі!Біздің мектепте жаңа оқу жылына өз есігін айқара ашты. 1-қыркүйек - Білім күніне арналған дәстүрлі салтанатты жиынды «Белгород селосының негізгі орта мектебі» КММ өткізді. Жаз бойы демалған, күнге күйген барлық балалар тағы да мектеп ауласына жиналды.Олар өздерінің сыныптастарымен,сынып жетекшілерімен және сүйікті ұстаздарымен кездескендеріне сондай қуанышты.
Жиынға құрметті қонақтар қатысты: Сандықтау аудан әкімініңорынбасары Омаров Қайрат Сергеевич, Белгород аймақ әкімінің міндетін атқарушы Егорова Людмила Анатольевна, сондай- ақ ардагерлер кеңесінің төрағасы Волкова Надежда Викторовна.Қонақтар оқушыларды осы ұмытылмас күнмен шын жүректен құттықтады.
Балалар жазғы демалыста болған кезде мектеп ұжымы біршама жұмыстар атқарды: кабинеттерге жөндеу жұмыстарын жасады, еден ауыстырылды. Мектептің жөндеу жұмыстары мен тамақтандыруды ұйымдастырғаны үшін демеушілік көмек көрсеткен «Белгородское»ЖШС басшысы А.В.Любимовқа үлкен алғыс білдіреміз.
Барлық оқушыларды шынж үректен осы мерекемен құттықтаймыз!Табысты оқу жылын тілейміз!