2022 жылдың 5-16 қыркүйегінде Қазақстан Республикасы халқының Тілдер күніне арналған жыл сайынғы дәстүрлі онкүндік өтеді. Осы уақыт аралығында мектепте этностар арасындағы бірлік пен келісімді бейнелейтін іс-шаралар ұйымдастырылады. 5 қыркүйекте «Тіл – халықтың жаны » атты онкүндіктің салтанатты ашылуы өтті. Мемлекет және қоғам қайраткері , ақын, ғалым , қазақ қоғамының ағартушысы Ахмет Байтұрсынұлына арналған кітап көрмесі ұйымдастырылды.Қазақ тілі мұғалімі А.К.Ногуманованың басшылығымен мектеп ұжымы қазақтың бірегей қайраткері туралы диктант жазуға қатысты. Жақын арада мектеп оқушыларын тіл білу сайыстары, зияткерлік сайыстар, дөңгелек үстелдер, Қазақстанда тұратын барлық этностардың мәдениеті, тарихы, тұрмысы туралы сыр шертетін ғылыми конференциялар түріндегі қызықты да дамыту бағдарламалары күтіп тұр.