"Әліппемен қоштасу" бүлдіршіндер олардың өміріндегі үлкен оқиға, мектептегі алғашқы жеңісі. Балалар, олардың кейбіреулерінің өміріндегі алғашқы, аса құрметті өзі оқыған кітаппен қоштасуға келді. Оқушылардың біразы мектепке келгенде оқи алмайтын, ал енді оқуға, жазуға көмектескен осы Әліппе. Әліппемен қоштасу мерекесі көңілді де ойын түрінде өтті. Өлендер оқылды, тапсырмалар орындалды, жұмбақтар шешілді, әріптер табылып, бір қатарға қойылды. Міне енді салтанатты кезең - Әліппе бірінші сынып оқушыларына "Әліппе білгірлері" куәлігін тапсырды. Бұл бірінші сынып оқушылары үшін мектеп өміріндегі, жаңа білім алудың негізі болып табылатын салмақты да алғашқы марапат.
Әліппемен қоштасу мерекесі - жаңа білім мен жеңістің жолын бастады. Біздің ең кішкентай оқушыларымыздың мектеп өмірінде осындай жеңістер бола берсін. Оқушыларға оқуда табыс және жақсы көңіл күй тілейміз!