13 ақпан мен 17 ақпан аралығында мектебімізде бастауыш сынып апталығы өтуде. Бірінші күн – Тілдер күні. Бастауыш сынып мұғалімі Кузочкина Юлия Анатольевна 1-сынып оқушыларымен «Предлог» тақырыбында сауат ашу сабағын өткізді. Балаларға арналған сабаққа мейірімді Чебурашка келді, ол балалардың көңілін көтеріп, сабақтың тақырыбын шешуге көмектесті. 3-4 сыныптар арасында «Грамматика еліне саяхат» ойын-сайысы өтті. Балалар өздерінің тапқырлығын, байқампаздығын, зейінін, ойлау қабілетін көрсетті. Сайыс «Кім көп?», «Шашылған сөз», «Сөзжұмбақты шеш», «Сөзден сөздер тап», «Жасырын сөздер», «Сөзжұмбақ толтыр» ойындарынан тұрды. 14 ақпан күні 1-2 сыныптар арасында «Математика патшалығы» ойын-сайысы өтті. Ойын соңында балалар мақтау қағаздарымен марапатталды. Сабақтарды өткізу кезінде мұғалімдер оқуға деген ынтасын арттыру үшін ойын материалдарын пайдаланды.