Текст
Көктемгі Наурыз мейрамын тойлау аясында біздің мектепте "Наурыз Ұлы даланың мейрамы" атты сынып сағаты өткізілді. Сабақта балалар Наурыз мейрамының пайда болу тарихымен, қазақ халқының салт дәстүрімен танысты, құттықтау ашықхаттарын дайындады. Бастауыш сынып оқушылары "Көктем көркі - қызғалдақ" атты этологиялық сурет байқауына қатысты. 16 наурыз күні "Домбыра челленджі" болды. 17 наурыз күні мерекелік концерт өтті, той соңында балалар дәмді дастархан басында шай ішті.