Жеңіс күні – тамаша мереке, бұл күні біз Ұлы Жеңісті және ол үшін жанын қиғандарды еске аламыз. Биыл да солай болды...
9 мамырда «Белгородское ауылының НОМ» КММ-де Жеңіс күніне арналған мерекелік концерт өтті. Мерекелік концертке 1-9 сынып оқушылары қатысты. Шара барысында соғыс жылдарындағы әндер мен соғыс туралы әндер шырқалды, тақпақтар, билер орындалды. Жиналған қонақтар оқушылармен бірге қосылып, ән шырқады.
Белгород ауылдық округінің әкімі Б.Жанғожин мен Сандықтау мәслихатының депутаты А.Любимов тыл еңбеккерлері Зиновьева Л. Н., Сивушенко Л.Д, Белова Н. С., Воронина А. Т., Громову В.И., Демидов В.И. шын жүректен зор денсаулық, бейбіт аспан, жақындарына жылулық пен қамқорлық тіледі, «Белгородское» ЖШС әкімшілігінің ақшалай сыйлықтарын табыс етті.
Төбеміздегі ашық аспан үшін, болашағымыз үшін шайқасқан батырлардың жадын сақтау – әрбір жер басып жүрген адамның парызы. Олардың жарқын естелігі біздің жүрегімізде мәңгі сақталсын!