Текст
5 маусымда «Белгородское селосы негізгі орта мектебі» КММ-де «Радуга» мектептік жазғы лагері ашылды, онда 25 ұл-қыз демалады.
Жаз - тамаша уақыт! Таңертеңнен бастап мектебіміздің аумағында әуен шырқалып, көңілді, балалардың күлкілері естіліп, қызықты лагерь өмірі басталды. Алдымен «Жайлы» операциясы өтіп, балалар ойын бөлмесін жабдықтап, безендірді. Одан кейін «Кел, шеңберге тұр, мен сенің досыңмын, сен менің досымсың» атты қызықты, ойын-сауық шарасы өтті, мұнда әртүрлі ойындар мен эстафеталарға белсенді қатысу қажет болды. Достық жеңді. Күн соңында балалардың жүздерінен күлкі кетпей, жақсы әсерге толы күйде үйлеріне қайтты.