«Ақмола облысы білім басқармасының Сандықтау ауданы бойынша білім бөлімі Белгород ауылының негізгі орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне
Коммунальное государственное учреждение «Основная средняя школа села Белгородское отдела образования по Сандыктаускому району управления образования Акмолинской области»

Біз әлеуметтік желідеміз

       

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Тілдер онкүндігін өткізу туралы ақпарат

06.09.2023

"Белгород ауылының негізгі орта мектебі" КММ-де 5 қыркүйек пен 16 қыркүйек аралығында Қазақстан халқының Тілдері күніне арналған онкүндік өткізіледі. Осы онкүндікті оқу жылының басында өткізу біздің мектеп үшін жақсы дәстүрге айналды, биылғы жылы мектеп педагогтары іс-шаралар жоспарын жасады. Бұл жұмыстың мақсаты - оқушылардың тіл пәндері бойынша білімдерін арттыру, мемлекеттік тілді, сондай-ақ ұлтаралық қарым-қатынас тілдерін үйренуге қызығушылықтарын ояту.

               

5 қыркүйекте  1 сыныпта Қазақстан халқының Тілдер күніне арналған "Тіл-халықтың жаны" атты іс-шара өтті. Мақсаты-балалардың мемлекеттік тілді білуге деген қызығушылығын ояту, халықтың мәдени мұрасын зерделеу арқылы патриотизмді қалыптастыру. Тілдерді білуге, білуге деген құрмет пен тілді үйренуге  тәрбиелеу. Іс-шара барысында балалар бір-бірімен ағылшын, қазақ және орыс тілдерінде амандасып, қызықты тапсырманы орындады. Сынып жетекшісі: Тушкова А. А.

   

   

Сондай-ақ, 5 қыркүйекте қазақтың көрнекті ақыны, публицист Мағжан Жұмабаевтың туғанына 130 жыл толуына орай "Мағжан Жұмабаев – заманның заңғар тұлғасы" тақырыбында жалпықазақстандық ашық диктант өткізілді.

   

12 қыркүйек  күні «Белгород ауылы НОМ» КММ 7 сынып оқушыларымен ҚР Тілдер күніне арналған  «Тілім -менің  тірегім» атты сынып сағаты өткізілді.Оқушылар мерекенің тарихын еске түсірді, Қазақстан  жерінде тұрып  жатқан халықтардың бір-біріне деген сыйластық пен  достығын, тілдердің маңыздылығы туралы әңгіме қозғады.Сабақ барысында оқушылар филворд орындады, өйткені бұл кейбір сөздердің үш тілдегі мағынасы екенін еске түсірді.Барлық оқушылар бірлесе белсенді жұмыс жасады. Сынып жетекшісі: Шоляк Т.А.

13қыркүйек күні 2 сынып оқушыларымен орыс тілі пәні бойынша  "Тілдер күніне" арналған зияткерлік ойыны  өткізілді. Ең алдымен әр адамға өмірде тілдердің маңыздылығы жайлы әңгіме өткізілді. Сонан соң балалар сөзжұмбақтар, изографтар, филвордтар шешті. Ойын соңында жеңіске жеткендер мен белсенді қатысқан оқушылар марапатталды. Ойын өте қызықты да тартымды болды.

 

 

13қыркүйек күні тілдер онкүндік аясында 8 сынып оқушыларымен "Тіл-өмір тірегі" сыныптан тыс ісшарасы өткізілді. Балалар екі топқа бөлінді. Ісшара өту барысында балалар үш тілде сөйлей алатындарын көрсетті, елдер мен байрақтар атауын айтып, топта өз жұмыстарын көрсете білді, қойылған сұраққа жылдам жауап таба білу мен бірлесіп жұмыс жасау дағдыларын байқатты.

 

Просмотров: 2907

Қосымшалар:



Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст