Күзгі демалыс кезіндегі аралыққа арналған ісшара жоспарына сай 30қазан күні 2 сынып оқушыларымен «Әлемдегі қызықты да таңғажайыптар» атты ісшара өткізілді. Балалар филворд, сканворд, сөзжұмбақтар шешті,дайын ұйқастардан өлең құрастырды, викторина сұрақтарына жауап берді. Ісшара соңында балалар мадақтамалар мен тәтті сыйлықтарға ие болды.
Мереке күндеріндегі уақытты жандандыру мақсатында 31 қазанда «Оқу мектебі» бағдарламасы аясында 3 және 4 сынып оқушыларымен «Әдебиет жолында» викторинасы өткізілді. Өздеріңіз білетіндей, барлық балалар өздерінің бай қиялының арқасында ертегілерді оқып, сиқырлы әлемге енгенді ұнатады. Сонымен, бүгін біздің балалар ертегілер оқыды, викториналық сұрақтарға жауап берді, сипаттамадан ертегі кейіпкерін тапты, суретшінің картиналарынан қателерді іздеді (бұл оңай емес 🙂), сөзжұмбақтарды шешіп, «Теремок» (саусақ театры) ертегісін қойып, соңында «Ертегінің сүйікті кейіпкері» суретін салды. Біз өте қызықты, мазмұнды және нәтижелі уақыт өткіздік. Барлығы өте риза болды.
Барлық балаларға жаңа оқу тоқсанында демалып, күш-қуат алуларына тілектеспіз.