Текст
Міне, біз тағы да «Кемпірқосақ» мектеп жанындағы алаңқайда кездестік. Күн денсаулық минутасымен басталды. Медбике Кукуруза Е.Ю. Балаларға «Дұрыс тамақтану» туралы әңгімеледі. Сонан соң «Тәттілер еліне саяхат» атты ойын-сауық ісшарасы өткізіліп, онда балалар сұрақтарға жауап берді, қалай дұрыс тамақтану керек екенін әңгімелеп айтты, қызықты ойындар ойнады. Балалар арасында «Жас аспазшы» байқауы өткізілді. Олар өте дәмді де
тәтті тағамдар әзірледі.Күн соңында «Көмекші» еңбек десанты өтті. Балалар аспазшыға ыдыс жуып, ас үйді ретке келтіруге көмектесті.