Текст
26.11.2025
Жасөспірімдер шығармашылығы орталығының ғимаратында мектеп лидерлерін аудандық «Жас Ұрпақ» жастар бірлестігі қатарына қабылдау бойынша салтанатты рәсім өтті. Іс-шара Ақмола облысы прокуратурасының бастамасымен жастардың белсенділігін қолдау және мектеп оқушылары арасында көшбасшылық қасиеттерді дамыту мақсатында ұйымдастырылды.
Салтанатты шараға Сандықтау ауданының әкімі Серік Құдабай, аудан прокурорының орынбасары Жалғас Жиенбеков, полиция бөлімінің бастығы, полиция полковнигі Мейрам Жанбасов қатысты.
Біздің мектептен бірлестік қатарына үш оқушы қабылданды: 7-сынып оқушысы Денисенко Дарья, 8-сынып оқушылары Козырева Кристина және Парфёнова Евгения.
