10 сәуірде мектебімізде жиын өтіп, онда жаратылыстану-математикалық пәндер онкүндігінің ашылуы өтті, сондай-ақ әскери-патриоттық тәрбие айлығы басталды. Оқушылар онкүндік пен айлық кезеңге арналған іс-шаралар жоспарымен таныстырылды.
10 сәуірде жаратылыстану-математика пәндерінің онкүндігі аясында 7-сыныпта химия пәнінен ашық сабақ өтті. Сабақ барысында оқушылар тақырыпты талдап, сұрақтарға жауап берді, кластер жасап, «Дұрыс тамақтану пирамидасын» құрады. Сабақ белсенді өтіп, барлық балалар жұмысқа қатысып, тапсырманы ықыласпен орындады.
11 сәуір күні 7-8 сыныптар арасында Шлыкова Елена Викторовна мен Шлыкова Анна Александровна «Таңғажайып алаң» ойынын ойнады.
Іс-шара барысында оқушылар химия, биология және география пәндері бойынша өз білімдерін көрсетіп, белсенді және қызықты ойын көрсетті. Ойынның жеңімпазы 8-сынып оқушысы Темеркулова Карина атанды.
Жеңімпазды құттықтаймыз!