«Ақмола облысы білім басқармасының Сандықтау ауданы бойынша білім бөлімі Белгород ауылының негізгі орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне
Коммунальное государственное учреждение «Основная средняя школа села Белгородское отдела образования по Сандыктаускому району управления образования Акмолинской области»

Біз әлеуметтік желідеміз

       

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

2025 жылға арналған мемлекеттік қызметтер көрсету туралы есеп

1.Жалпы ережелер

Қызмет көрсетуші туралы мәліметтер:
«Ақмола облысы білім басқармасының Сандықтау ауданы бойынша білім бөлімінің Белгородское ауылының негізгі орта мектебі» КММ.Заңды мекенжайы: Целинная көшесі, 24, Белгородское ауылы.

2)Мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат:
«Ақмола облысы білім басқармасының Сандықтау ауданы бойынша білім бөлімінің Белгородское ауылының негізгі орта мектебі» КММ-де 11 мемлекеттік қызмет көрсетіледі.

2025 жылы мектеппен 12 мемлекеттік қызмет көрсетілді:

электрондық форматта – 6 қызмет;

қағаз түрінде – 6 қызмет.

Барлық мемлекеттік қызметтер тегін негізде көрсетіледі.

3)Ең сұранысқа ие мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат:
Мектептегі ең сұранысқа ие мемлекеттік қызметтер:

«Балаларды бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдары арасында ауыстыру үшін құжаттарды қабылдау»;

«Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау»;

«Негізгі орта, жалпы орта білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру»;

«Мемлекеттік білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне қаржылық және материалдық көмек көрсету»;

«Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау».

2. Қызмет алушылармен жұмыс

1) Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпарат көздері мен қол жеткізу орындары туралы мәліметтер:
Қызмет алушылар үшін қажетті барлық ақпарат мектептің ресми сайтында орналастырылған: https://belgorod-school.edu.kz/
Сайтта мемлекеттік қызметтер көрсету стандарттары мен қағидалары жарияланған.

Сондай-ақ ақпараттық стендтерде мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары орналастырылған. Өзін-өзі қызмет көрсету бұрышы жұмыс істейді.

2) Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілер жобаларын жария талқылау туралы ақпарат:
2025 жылы мектеп тарапынан мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы халықты интернет-ресурстар, бұқаралық ақпарат құралдары және әлеуметтік желілер арқылы ақпараттандыру жұмыстары жүргізілді. Мектептің интернет-ресурстарында 4 жарияланым орналастырылды.

3. Мемлекеттік қызметтер көрсету үдерістерін жетілдіру жөніндегі қызмет

1) Мемлекеттік қызметтер көрсету үдерістерін оңтайландыру және автоматтандыру нәтижелері:
2020 жылдан бастап мектепте Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің АРМ ГУ МОН РК жүйесі жұмыс істейді, онда 4 мемлекеттік қызмет қолжетімді.

2) Мемлекеттік қызметтер көрсету саласында қызметкерлердің біліктілігін арттыруға бағытталған іс-шаралар:
Мектепте мемлекеттік қызметтерді 1 қызметкер көрсетеді, ол қажетті компьютерлік техникамен қамтамасыз етілген.

4. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау

1) Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша қызмет алушылардың шағымдары туралы ақпарат:
2025 жылы мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша шағымдар түскен жоқ.

2) Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қоғамдық мониторинг нәтижелері:
Қоғамдық мониторинг нәтижелеріне сәйкес, 2025 жылы мемлекеттік қызметтер көрсету мерзімдерінің бұзылуы анықталған жоқ. Мемлекеттік қызметтер көрсету барысында заң бұзушылықтарға жол бермеу бойынша шаралар қабылдануда.

5. Мемлекеттік қызметтер көрсету тиімділігін арттыру және қызмет алушылардың қанағаттану деңгейін көтеру перспективалары

Қызмет алушылардың қанағаттану деңгейін арттыру және мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын жақсарту мақсатында 2026 жылға Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтау мәселелері бойынша бақылау іс-шараларының жоспары бекітілді.

2026 жылы мектеп тарапынан жеке және заңды тұлғаларға қолжетімді әрі сапалы мемлекеттік қызметтер көрсету жұмысы жалғасатын болады.


Әлі пікірлер




Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст