Текст
01.05.2026
Бүгін мектебімізде Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған «Бір шаңырақ астында» атты халықтар фестивалі өтті.
4–9 сынып оқушылары әртүрлі халықтардың мәдениетін таныстырып, ұлттық киімдерін көрсетті, дәстүрлері туралы айтып, шығармашылық өнерлерін паш етті. Бұл шара еліміздің мәдени байлығы мен көпұлттылығын айқын көрсетті.
Фестиваль достықтың, өзара құрмет пен бірліктің жарқын үлгісіне айналды. Біз тағы да бір рет түрлі болғанымызбен, барлығымызды ортақ құндылықтар — бейбітшілік, келісім және Отанға деген сүйіспеншілік біріктіретінін түсіндік.
Барлық қатысушыларға, сынып жетекшілеріне және ұйымдастырушыларға алғысымызды білдіреміз!