Ақмола облысы білім басқармасының "Ақмола дарыны" дарынды балалар мен дарынды жастарды анықтау және қолдау орталығы " КММ 2023 жылғы 8-10 қараша аралығында Сандықтау ауылының "Жас дәурен" балалар сауықтыру лагерінің базасында облыстық пікірсайыс турнирі өткізілді. Турнирге Ақмола облысының 16 ауданынан, 3 қаладан және облыстық мектеп-интернаттардан 44 команда қатысты.
Турнирдің мақсаты:
Қазақстандық қоғамда орын алған өзекті мәселелік жағдайларды талдау және жария талқылау, нақты проблемаларды шешу жолдары мен тетіктерін қалыптастыру арқылы облыс оқушыларының әлеуметтік және шығармашылық белсенділігін арттыру. Біздің мектептен пікірсайыс турниріне 9 сынып оқушылары Темеркулова Карина мен Андруцуляк Алена қатысты. Қыздар жақсы ойын көрсетті.
Пікірсайыс қозғалысын дамытуда одан әрі табыс тілейміз!