Текст
07.09.2026
Қазақстан халқының Тілдері күніне арналған онкүндік аясында 6–9 сынып оқушыларымен Ахмет Байтұрсынұлының өмірі мен шығармашылығына арналған дөңгелек үстел өткізілді.
Іс-шара барысында оқушылар оның өмірі мен шығармашылық жолы туралы презентация тамашалап, қызметі мен рухани мұрасы туралы мағлұмат алды. Сонымен қатар өз ойларын ортаға салып, пікір алмасты.
