Текст
04.09.2026
Отбасы күніне арналған іс-шаралар аясында 1-сыныпта «Менің отбасым – менің тірегім» атты сынып сағаты өтті. Оқушылар өз отбасылары туралы әңгімелеп, отбасылық құндылықтар жазылған кірпіштерден «Отбасы үйін» құрастырды, «Отбасылық құндылықтар түймедағын» жинады және мерекелік ашықхаттарды бояды. Сынып сағаты барысында балалар отбасындағы сүйіспеншілік, қамқорлық, сыйластық, қолдау мен өзара түсіністіктің маңызын түсінді.