Жолдау жолдарынан
Қазақстан Республикасы Президентінің жыл сайынғы Жолдауы Қазақстан халықтары үшін саяси маңызды оқиға екені мәлім. Биылғы Жолдауының ерекшелігі «Төртінші өндірістік революция» - деп аталатын , Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев еліміздің одан әрі даму жолындағы жаңа мүмкіндіктердің нақты 10 міндетін атап көрсетті. Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі даму кезеңіне арналған Стратегиялық кешенді жоспар құрылды. Осы жоспардың орындалуына әрбір қазақстандықтың өз үлесін қосуына бар жағдай жасалып жатыр. Ең алдымен білімді де сауатты, жауапкершілігі мол, әлемдегі болып жатқан түрлі өзгерістер кезінде нақты, дұрыс шешім қабылдай алатын, жас ұрпақ тәрбиелеуде ұстаздар еңбегі зор. Білім саласындағы білім сапасын жаңарту, жаңартылған білім мазмұны, үштілділік саясат осының бір айғағы.
Біздің Белгород негізгі мектебінің педагогикалық ұжымы Тәуелсіз Мемлекетіміздің Президент Жолдауын бар ынтамызбен тыңдап, талқыладық. Елбасының алға қойған міндетін орындау мен табысты шешуге бар білім мен күш - жігерімізді аямай, болашақ ұрпақтың сауатты да тәрбиелі , жан-жақты тұлға болып қалыптасуына өз үлесімізді қосатынымызға сенімдімін.