«Ақмола облысы білім басқармасының Сандықтау ауданы бойынша білім бөлімі Белгород ауылының негізгі орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне
Коммунальное государственное учреждение «Основная средняя школа села Белгородское отдела образования по Сандыктаускому району управления образования Акмолинской области»

Біз әлеуметтік желідеміз

       

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

" Белгород НМ" КММ «Табиғи-математикалық ғылым парады» 10.04.17ж. - 20.04.17ж. аралығында өткен онкүндік туралы ЕСЕП

20.04.2017

" Белгород НМ"

КММ  «Табиғи-математикалық ғылым парады»

10.04.17ж. - 20.04.17ж. аралығында өткен онкүндік туралы

ЕСЕП

     10 сәуір мен 20 сәуір 2017 жылдың  «Белгород НМ» КММ «Табиғи-математикалық ғылым парады» онкүндігі өтті.

     10 сәуіркүні онкүндіктің ашылуы өткізілді, мектеп фойесі  ТМБ пәндерге сәйкес викторина, сөзжұмбақтар, құрастырмалармен безендірілді.

     11 сәуір күні технологи пәні мұғалімі  Шоляк Т.А. 8-9 сынып қыздар арасында  «Болашақ мамандық» атты сыныптан тыс ісшарасын өткізді.

«Қыздар» командасы -8 сынып  және «Офистік сұлу қыздар» командасы -9 сынып  викторина сұрақтарына жауап берді, сөзжұмбақтар шешті, белгілі бір әріптерге мамандықтар жазды, анаграммалар шешті. Ісшара

соңында ұпай саны есептеліп, 8сыныптың  «Қыздар» командасы 1 орынды жеңіп алды

     12 сәуір күні  бастауыш сыныптың мұғалімі  Волкова Г.В.  Ғарышкерлер күніне арналған  сыныптан тыс ісшара өткізді . Ісшара «Космический бой» ойын-викторина түрінде өтті . Екі топ  «Комета» мен «Метеор» эрудиция түрінде жарысты. Бұл ісшарада  «Комета» командасы жеңіске жетті.

5-7 сынып оқушылар арасында   Беренкова О.В.  «Советтік  ғарышкерлер»  ойынын өткізді. Ойынға үш топ қатысты:  «Комета», «НЛО», «Млечный  путь». Топ қатысушылары  викторина сұрақтарына жауап берді,  ғалмшар мен ғарыш туралы бар білгендерін естеріне түсірді. Қорытындысында  орындар мынадай болды  1 орын  – «НЛО» тобына , 2 орын –«Млечный путь» тобына , 3орын  –   «Кометы» тобына бұйырды.

    8-9  сыныптар үшін «12 сәуір Ғарышкерлер күні» ойын-викторинасын  Беренкова О.В. дайындап,  өткізді . Ойынға  2 топ қатысты: «Астронавтар»  және  «Зымыран». Ойын мақсаты мейлінше сұрақтарға жауап беру, ұпай

санын жинау болды. Қортындысында  «Астронавтар» тобы жеңіске жетті.

     13 сәуір күні  геометрия сабағында  оқушылар  координат  бойынша суреттер салды. Берілген  координаттар бойынша оқушылар нүктелер қойып,  оларды өзара қосқанда жануарлар бейнесі пайда болды..

   14 сәуір күні  технология мұғалімі Шоляк Т.А.   5 сыныпта   «Тамбурлы тігіспен кестелеу» атты ашық сабақ өткізді. Сабақ барысында  оқушылар  тамбурлы тігіспен тігуді  үйренді. Сабақ соңында қыздар өз жұмыстарын  тапсырып, бағаларын алды.

   15суірде  5-6 сынып оқушылар арасында  Беренкова О.В. «Математикалық  рулетка»  сыныптан тыс ісшарасын ойын түрінде  өткізді . Ойынға  2 топ   "Көңілді  квадраттар" және  «Модульдер» қатысты. Балалар  стандартты емес есептер шығарды  ,  өздерінің қызығушылықтарын,  есте сақтау , ұжымда жұмыс істеу  қабілеттерін дамытты. Ойын соңында  қортындысы шығарылып,  нәтижесі айтылды: 1 орынға  – "Көңілді  квадраттар"  2 орынға - «Модульдер»  иеленді  .

   17 сәуір   5-7 сыныптармен  Чеснова И.В. «Экологиялық  ассорти» атты сыныптан тыс ісшарасын өткізді. Балаларды  «Экологиялық жаттығулар» күтіп тұрды, «Тәні саудың-жаны сау» байқауы болды. «Экологиялық  марафонда»  барлық  денгейден өту үшін  күлдіргіш  айту қажет болды.

    18 сәуір күні  Байсалбаев З.А. 6-7 сыныптарда географиядан «Жұлдызды  сағат» зияткерлік ойынын өткізді.  «Атмосфера» оқушылар тобы мен  «Жұлдыздар» өзара мынадай номинация бойынша жарысты:  Географиялық есептер, Қалалар, Өсімдіктер мен жануарлар, Елдер мен халықтар,Әлем  Рекордтары, Географиялық нысандар.

Ойын соңында «Атмосфера» тобы жеңіске жетті.

  19 сәуір күні  Чеснова И.В. 5 сыныпта  жаратылыстанудан  «Жануарлардың түрлері».  Балалар жануралар туралы көптеген қызықты  мәліметтермен танысты, сызбалар құрастырды,  кестелер толтырды,  аударма жұмыс жасады,

анаграммалар шешті.

  20 сәуір   күні  онкүндік жабылуы  өтті,  барлық байқаулар қорытындысы шығарылып,  жеңімпаздар  мадақтамалармен марапатталды.

Просмотров: 473


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст