«Ақмола облысы білім басқармасының Сандықтау ауданы бойынша білім бөлімі Белгород ауылының негізгі орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне
Коммунальное государственное учреждение «Основная средняя школа села Белгородское отдела образования по Сандыктаускому району управления образования Акмолинской области»

Біз әлеуметтік желідеміз

       

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі

24.01.2017

Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі

Қазақстандықтарда мемлекеттен пайыздық бонустар ала отырып балаларын оқытуға қаржы жинаудың жаңа тетігі бар

2013 жылдан бастап Қазақстанда Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі (бұдан әрі – МБЖЖ) іске қосылды. 

Жүйе Қазақстан Республикасының әрбір азаматына өзінің немесе баласының атына келешекте Қазақстан мен шетел колледждерінде және ЖОО-ларында оқудың ақысын төлеу үшін жұмсауға болатын білім беру жинақтау салымын ашуға мүмкіндік береді. «Қаржы орталығы» АҚ осы жүйенің операторы болып табылады.

Бүгінгі таңда жүйе бойынша 16 000-ға жуық білім беру жинақтау салымы ашылды.

Білім беру жинақтау салымына МБЖЖ-ға қатысушы банктен ай сайын жылдық 14% (ЖТМ 15,2%)  мөлшерінде

сыйақы мен жыл сайын 5% немесе 7% (басымдылықты санаттағылар үшін) мөлшерінде

мемлекеттен сыйлықақы есептеледі:   

15,2% дейін банк сыйақысы

5%,7% мемлекет сыйлықақы

Салым бойынша табыстылық 22,2 % дейін

Білім беру жинақтау салымының ерекшелігі:

·     Табыс түрі ретінде мемлекет сыйлықақысына салық төленбейді;

·     Білім беру жинақтау салымдары 10 млн.теңгеге дейін Қазақстандық салымдарды кепілдендіру қорының нысаны болып табылады;

·     Минималды бастапқы жарна – 3АЕК (2016ж. 6 363 теңге);

·     Жинақтау мерзімі – 20 жылға дейін;

·     Мемлекет атынан ҚР БҒМ «Қаржы орталығы» АҚ-ның 100% кепіл болуымен банктен білім беру кредитін алуға мүмкіндік бар.

  Білім грантын иеленген жағдайдағы салымшының құқықтары:

·       жинақты есептелген мемлекет сыйлықақысымен бірге алу;

·      ақшаны басқа баланың атына аудару;

·      білімнің басқа деңгейлерін алу үшін жинақтауды жалғастыру

* Мемлекет сыйлықақысы мен банктің сыйақысы капиталға

айналады және салым бойынша табыстылық 22,2% дейін жетеді. Осының арқасында салымшы білім беру қызметін сатып алу кезінде 40-60% дейін ақшасын үнемдейді.

 

Білім беру жинақтау салымын ашу үшін мыналар қажет: 

1-қадам – МБЖЖ-ға қатысушы банктердің бірін таңдау.  

2-қадам–  Білім беру жинақтау салымын ашу.  

3-қадам – Бастапқы жарнаны салу.  

Құжаттар:

-  жеке куәлігі;

- баланың туу туралы куәлігі және ЖСН.

Кеңес алу үшін "Қаржы орталығы" АҚ-ға хабарласыңыздар:

Тегін жедел желі: 8 800 080 28 28. Тел.: 8 7172 695 044, 695 045, 695 047

Мекенжайы: Астанақ., Тәуелсіздік даңғ., 8

Просмотров: 469


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст